Русский Сайттың толық нұсқасы

Жайық өзеніндегі қырылған балықтар 4 тоннадан асты

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2018
  • 4473

Атырауда «Жайық» өзеніндегі қырылған балықтар 4 тоннадан асты. Бұл тек жиналғаны ғана. Комиссияның кезекті отырысында мамандар осылай деп мәлімдеді.  

Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Балық шаруашылығы қызметкерлері мен инспекция мамандары бірігіп, Жайық өзенінен 4 тонна 165 келі өлген балық жиналды. Балық қорына келтірілген залал-4 млн 200 мың 308 теңге. Ал, Перетаска каналынан «Жылу электр орталығы» мамандары 1 тонна 304 келі өлген балықты жинады. Яғни, 1 млн 254 мың теңге залал келген. Анықтама қылмыстық іс материалдарына қосу үшін полиция департаментіне жолданды.

Ал, өзен суын пайдаланған «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауытында 164 бекіре өлген. Комиссия отырысында 30 мыңға тарта бағалы балық қырылған «Луговой жылқы өсіру» зауыты басшылығы мұз астында қалған өлген бекірені шығаруға көмек сұрады. Ал, Жайық өзенінің суы құйылатын Каспий теңізі жағалауындағы жағдайды анықтап, ондағы су маржандарының жай-күйін тексеру мүмкін болмай отыр. Мамандар оған аймақта мұз жарғыш кеменің жоқтығы қолбайлау екенін айтты.  

Әлібек НӘУТИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Біздің қолымызды байлап отырған мәселе-әңгіменің шынын айтайын, оған шығатын біздің техникамыз. Біз НСОС-ге де шықтық, Астанаға дейін шықты. Мұз жаратын кеме жоқ. Бізде бір кеме болған ол тек қана НСО-ныңң өзінде тек қана біреу. Ол Ақтауда тұрған. Ол бері қарай шықпайтытын айтты. Сондықтан, мұзды жару үшін салмақты кеме болу керек. Қалғандары бетіне шығып кетеді.

Айта кетейік, желтоқсаннан бастап өзен балықтары қырыла бастады. Қазір аймақта Жайық өзені суын пайдаланып отырған 4 мекеме тексеріліп, екі қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алғашқы тексеріс қорытындысы 28 желтоқсанда жарияланбақ. 

Б. Нәдірқызы