Мәжіліс төрағасы министрлерді «Формула-1» фильміндегі көліктерге теңеді. Олардың заң жобасына қатысты өз позицияларынан аяқ асты тайқуын жарыс автомобильдерінің дөңгелек ауыстыру жылдамдығымен салыстырды. Ескерту Ұлттық экономика министрінің сауда қызметін реттеу бойынша заң жобасындағы өзгерістерге байланысты мәлімдесі кезінде жасалды. Абай Сейфуллаұлы тарқатады.
Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:
Отырыста министр Тимур Сүлейменов бизнестің барлық саласы үшін бірыңғай таңбалау жүйесін заң жобасына енгізуді ұсынды. Себебі, өнеркәсіп орындары өздігінен таңбалау құрылғыларын сатып алмайды. Сондықтан, таңбалау қызметімен айналысатын бірыңғай орталық керек. Мәжіліс төрағасы бұл әрекеттің арада артық делдал тудыратынын айтты. Министр бірден аталмыш нормаға өзгеріс енгіземін деді.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Как вы быстро! Это показывает поверхностный, бессистемный подход при разработке законопроектов. Только после того как парламент примет в законопроект вашу работу, когда депутаты вам аргументированно указывают на внесение тех или иных поправок, вы, что называется переобуваетесь на ходу и меняете свою позицию, словно гонщики «Формулы-1», которые на ходу меняют шины. Только в стенах парламента вы начинаете вносить и глубоко прорабатывать свои же законопроекты.
Биылғы жыл қорытындысы бойынша Мәжіліс 40 заң жобасын мақұлдаған. Оның 21-не Президент қол қойды. Ал, халық қалаулылары тарапынан 100-ге таяу депутаттық сауал түскен. Келер жылы мәжіліс ұстаздар мен оқушылар жүктемесін азайту, экология мәселелеріне қатысты заң жобаларын талқылайды.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі күні Мәжіілс қарауында 40-тан астам заң жобасы бар. Осы құжаттардың барлығын сессиямыздың соңына дейін талқылап, жоғары деңгейде қабылдауымыз керек.
Пленарлық отырыста әлеуметтік маңызы тауарлар бағасының орынсыз қымбаттауы да айтылды. Мәжіліс Төрағасы тұтынушылардың құқығын толық қорғау бойынша нақты жұмысты талап етті.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Вы из заседание об этом говорите. Там рост произоешол, то здесь. Что надо делать чтобы этого не было? Одну сказали, может какие то другие есть? Вам надо будет выехать по областям граничащие с РФ и посмотреть там что творится с сельхоз продукцией, по молоку, по място и тд.
Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
Мен де ауылға барам ғой енді. Ауылым Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан. Сондықтан, Мәжіліс басшылығы көтерген мәселені жақсы білем. Сүт сияқты тауардың бәріне Ресейден кеп жатыр. Білеміз ғой.
Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:
Жылдың қорытынды пленарлық отырысы осындай ескертулерге толы болды. Мәжіліс төрағасының «бізге заңға бірауыздан дауыс беретін емес, заңды ашық талқылайтын депутаттар керек» деп те қалып еді. Сол сөздің қаншалықты ескерілетінін келер жылы көреміз.
А. Сейфулла