Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран мұнайының экспорты тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін азаюы мүмкін

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2018
  • 2213

АҚШ санкцияларының кесірінен келер жылы Иран мұнайының экспорты тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін азаюы мүмкін. Бұл мәліметті Иранның бюджет және жоспарлау ұйымының басшысы Мохаммад Багер Нобахт таратты. Қазір бұл елден тәулігіне 2,4 млн баррель мұнай сыртқа шығарылып келеді. Болжам бойынша мұнай экспортынан түсетін табыс 28 пайызға төмендейді. Яғни, «кіріс 21 млрд долларға кемиді»-деп хабарлайды «Интерфакс». Осы ретте Иранның Мұнай министрі Бижан Зангане жаңа бюджетте бір баррель мұнайдың орташа бағасы 54 доллардан есептелгенін айтты. Естереңізіге салайық, бүгін Brent маркалы мұнайдың құны бұған дейінгі сессиямен салыстырғанда 5 пайызға өскен.  

Д. Қайыртай