Русский Сайттың толық нұсқасы

2018 жылы авиакомпаниялар 7,8 млн жолаушы тасымалдады

  • AstanaTV
  • 03 қаңтар 2019
  • 2140

Тағы да бір жылдық есеп. Былтыр отандық әуе компаниялар жыл бойына 7,8 млн жолаушы тасымалдаған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. Азаматтық авиация комитеті 2018-де транзиттік жолаушылардың 40 пайызға өскенін айтады. Ал, отандық әуежайлар 14 млн адамға қызмет көрсеткен. «Эйр Астана» үшін жанармай құнының қымбаттауына байланысты өткен жыл қиынға соққан көрінеді. Компанияда ішкі сұраныс төмендеп, онлайн-транзакциялар өскен. Мұнда монополистердің ретсіз қызметі әлі де өзекті. Дегенмен, халықаралық транзиттің арқасында жолаушылар саны 50 пайызға өскен. Бүгінде халықаралық бағыттағы әрбір үшінші жолаушы Қазақстанды Еуразиядағы хаб ретінде пайдаланады.  

А. Бектас