Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-саттық соғысы Apple-дің сатылымын күрт азайтты

  • AstanaTV
  • 03 қаңтар 2019
  • 2585

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы Apple-ге кері әсер етті. Корпорация басшылығы инвесторларға ашық хат жолдауға мәжбүр. Соңғы тоқсанда компания тек 84 млрд доллар табыс тапқан. Екі ай бұрын ол 93 млрд долларға жетеді деп болжанған еді. Тим Куктың айтуынша, сауда саттық әсіресе Қытайда төмендеген. G20 саммитінде тараптар уақытша мәмлеге келгендей болған. Бірақ, ол қағаз жүзінде қалған сыңайлы. Уәде берілген салық бағасы өзгеріссіз қалды. Бұдан бөлек, Вашингтон мен Бейжің арасында технология нарығында «астыртын» соғыс жүріп жатқаны аян. Айфонның аз сатылымына Канадада Huawei-дің қаржы директорының тұтқындалуы себеп болуы мүмкін.  

Д. Сапарқызы