Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық даму министрлігінің лауазымды тұлғасы парамен ұсталды

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2019
  • 3118

Астанада Комитет басшысы парамен ұсталды. Жемқорлықпен күрес агенттігі Қоғамдық даму министрлігінің лауазымды тұлғасы үй қамаққа алынды деп хабарлайды. Министрлікке қарасты Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы қол астындағылардан 2 млн теңгеге жуық пара алған. Ол осы мекемеге қарасты ұйымдарды қамқорлығына алып, қосымша қаржы бөлуге ықпал еткені үшін ақшалай ақы алған деп айыпталады. Өзі қылмысын мойындаған. 

Арман БЕРДАЛИН, ҚР МҚІСЖҚА ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Комитет Төрағасы мойындау түсінігін берді. Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Дегенмен, Агенттік соңғы кезде пара алу дерегі азайғанын атап өтті. Былтыр сыбайлас жемқорлыққа шатылып, 135 мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6% -ға аз дейді.  

Д. Сапарқызы