Алматыда «Балаларға бақыт сыйла» акциясы өтті. «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалы тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға арнап жаңа жылдық сый-сияпат жасады. Бұл ауданда екі мың жеті жүзден аса жағдайы төмен жанұя бар. Шара барысында сыйлық үлестіруден бөлек, олардың проблемаларын тыңдап, көмек беру мәселесі қаралды. Айнұр Молбайқызы 5 баланың анасы өзі тұратын үй маңындағы дәріханада жұмыс істейді. Балалары бәрі де мектеп жасында. Бір айлыққа қараған ана осыдан біраз уақыт бұрын партиядан көмек сұрапты. Қолдау болғанына дән риза.
Айнұр МОЛБАЙҚЫЗЫ, КӨП БАЛАЛЫ АНА:
Қаражаттай болсын кішкене көмек болса деп мұқтаждық білдірген болатынмын. 5 балам бар. Жалғыз басты анамын. Жаңа жылдық сыйлықтарын алып келіп, кішкене көмекті енді бастаймыз, көреміз деген ойда елеп жатыр. Осыған да шүкір. Рақмет!
Мұқан АЛМАСАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазақстанның өсуі, ұрпақтың ертең саналы өсуі осы аналарға байланысты. Осы бағытта көптеген жұмыстар әлі жалғасын табады деп ойлаймын.
О. Нұржақып