Русский Сайттың толық нұсқасы

Православтық христиандар Рождество мерекесін қарсы алуға әзірленіп жатыр

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2019
  • 1939

Православтық христиандар Рождество мерекесін қарсы алуға әзірленіп жатыр. Қазақстанда мемлекеттік мейрам болып саналатын бұл діни мереке қаңтардың жетісі күні тойланбақ. Қазір елдің барлық шіркеулері айтулы датаға орай безендірілуде. Өскемен тұрғыны Юлия Меньщикова құрбыларымен бірлесіп өзі тұратын жердегі ең ірі ғибадатхананы көріктендіруді қолға алған. Негізгі залдың жан-жағынан ойыншықтармен қатар шырша және шетен ағаштарының бұтақтарын ілмекші. Себебі, бағзы заманда шырша жаңа жылда емес, Рождество мерекесінде безендірілген,-дейді ол.  

Юлия МЕНЬЩИКОВА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Біз рождесиволық мерекелерге қарсаңында шіркеуді безендіру үшін арнайы композицияларды жасап жатырмыз. Шырша бұтақтарынан 12 бұйым істелмек. Барлығы 30ға жуық композиция болады.

Шіркеудің алдына да арнайы композиция қойылған. Мұнда Иса Пайғамбар дүниеге келген үңгір бейнеленіпті. Діни мерекеге хор мүшелерінің де дайындығы қызған. Дәстүр бойынша олар қаңтардың алтысынан жетісіне қараған түні мерекелік әндерді шырқамақшы. Жалпы, рождестволық мерекелер қаңтардың он тоғызына дейін, яғни, Крещение мейрамына дейін жалғаспақ.   

Наталья РОМАНЦОВА, АРХИЕРЕЙ ХОРЫНЫҢ РЕГЕНТІ: 

Маған рождестволық мерекелерді әлі күнге дейін балаша күтемін. Бойымда бір ғажайып сезім әлі де бар. Бұл күні «Құдай бізбен бірге» деген сөздерден басталатын діни әндер де шырқалады.

А. Құрманкин