Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыдағы кісі өліміне қатысы бар күдіктінің бірі Ресейге қашып кеткен

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2019
  • 2215

Қарағанды мейрамханасындағы кісі өліміне қатысы бар күдіктінің бірі Ресейге қашып кеткен. Қазір Армения азаматы Гурурянға іздеу жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мәлімдеді. 1 қаңтар күні шекара асып кеткен күдіктіні ұстауға Ресей мен Арменияға жедел-іздестіру тобы жіберілген. Қылмыстық кодекстің 99-шы бабы 1-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ведомство өкілі мәселеде ешқандай ұлтаралық қақтығыстың болмағанын атап өтті. Сондықтан, қылмысқа қатысы бар екі тарап та жауапқа тартылмақ.  

Жанат СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Қазір таңда 8 адам уақытша қамауға алынды. Ал, іздестіріліп жатқан күдікті Павлодар облысы Ұлытөбе бекеті арқылы Ресей аумағына шыққан. Біз мұны жедел тексеру шаралары кезінде анықтадық.

А. Бектас