Астаналық 2 мың дәрігер, полицей мен мұғалімге ипотекамен үй алу үшін 1 миллион теңгеден алғашқы жарна беріледі. Бұл туралы бүгін кеңейтілген аппарат жиналысында қала әкімі Бақыт Сұлтанов айтты. Былтыр жергілікті бюджеттен 100 сертификат берілген. Бірақ құрылысы аяқталмаған үйлер проблемасы әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Қаладағы салынып бітпеген үйлер саны-29. Елорда әкімі үлескерлер мәселесін 2022 жылға дейін толық шешуге уәде берді.
Бақыт СҰЛТАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Қазір қаладағы салынып бітпеген үйлер саны-29. Үлескерлер мәселесін шешу үшін біз Жол картасы бағдарламасын жасадық. Ол нақты экономикалық есеппен құрылған. Сондықтан, 2022 жылдың аяғына дейін барлық проблемалы нысандар құрылысы бітуі тиіс.
Қала халқының саны 2030 жылға қарай 2 млнға жетпек. Сондықтан, инфрақұрылым салудың 5 жылға жоспары құрылған. Қала басшысы аудан әкімдерін бюджет қаржысын игеретін ғана емес, қаражаттың басқа көзін тауып, инвестор тартатын мықты менеджер болуға шақырды.
А. Сейфулла