Русский Сайттың толық нұсқасы

Дональд Трамп халыққа үндеу жолдады

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2019
  • 2324

Дональд Трамп америкалықтарға Мексикамен арадағы шекараға қатысты телеарна арқылы арнайы үндеу жасады. Оның сөзінше, шекара берік болмаса, қылмыс көбейіп, мыңдаған адам ажал құшады. Трамп «шатдаун», яғни, қос мемлекет арасында қақпа соғуды тоқтату, сәрсенбі күні Конгрес өкілдерімен кездесуден соң қайта жанданады деп үміттенеді. Ол демократтардың айтқанына көнетіндей сыңай танытты. Мәселен, қабырға бетоннан емес, металлдан болуы ықтимал. Трамп оған кеткен ақша тез арада өзін ақтайды деп сенеді. Мехикамен жасасқан тиімді сауда келісімі оған сепсетеді дейді.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

АҚШ-қа келетін заңсыз есірткі айналымы жылына 500 млн доллардан асады. Біз Конгрестен қабырға соғуға сұраған 5,7 млрд-тан неше есе артық. Оған қоса қабырға құнын Мексикамен арадағы жаңа сауда келісім ақтап тұр.

Еске салайық, Құрама штаттар Үкіметі 22 желтоқсаннан бері өз міндетін орындай алмай отыр. Конгресс пен Трамп 5 млрд доллар үшін келіспей қалған. Бұл ақшаға Президент Мексикамен шекарада қабырға тұрғызбақшы. Үшінші қаңтарда демократтар Үкімтті қаржыландыру бойынша екі құжатты қолдады. Алайда, Трамп пен оның кеңесшілері қабырға салуға ақша берілмесе, бұларды өткізбей тастайтынардын білдірді. Демократтар бөгет соғуға 1,3 млрд доллар бөлуге әзір екендерін айтқан.  

М. Дюсекина