«Астана» банкінің салымшылары 26 қаңтардан бастап қаражаттарын қайтара алады. Банкты лицензиясынан айырып, мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Ал, агент-банк ретінде «Еуразиялық банк» таңдалды. Енді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры оған 37,5 млрд теңге құяды. Банк бұл қаражатпен 275 мың салымшының ақшасын өтейді. Салымшылар ақшаларын алты ай ішінде қайтара алады. Тұрғындардың банкте жиналған 10 млн теңгеге дейінгі қаражаты кепілдірілген. Сондай-ақ, валютамен салынған 5 млн теңгеге дейінгі салым қайтарылады. Ол теңгемен төленеді. Ал, қаражат 9 қаңтардағы валюта бағамымен есептеледі. Ал, теңгемен және валютамен банкке ақша салғандарға барлығы 15 млн теңгенің қайтарылатынына кепілдік берілген.
А. Бектас