Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтау әуежайына самса бағасын қымбаттатқаны үшін 1 жарым млн.теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2019
  • 3387

Ақтау әуежайына дәмханадағы тағам бағасын аспандатқаны үшін 1 жарым млн.теңгеден аса айыппұл салынды. Мұнымен қоса, нысан басшылығы 15 млн теңгеден астам монополиялық табыстан түскен қаржыны да төлеуге міндеттелген. Бұл туралы жергілікті монополияға қарсы департамент өкілдері айтты. Әуежайды тексеруге қала тұрғынының арызы себеп болған. Ақтаулық азамат самсаны 500 теңгеге, бір кесе кофені де дәл осындай бағаға сатып алғанына шағымданыпты. «Тексеру кезінде «ATM Group» серіктестігінің баға саясатын бұзғандығы расталды»- деді мамандар. Сондай-ақ, бұл іске қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешім шығарған.   

Бақтияр ТҰРАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТМР, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бүгінгі күні мамандандырылған әкімшілік сотымен қаулы шығып, қаулының қорытындысында 15 милллиион монополиялық кіріспен тапқан заңсыз кіріске айыппұл салынып және миллион жарымнан үстем бөлек айыппұл салынып мемлекет кірісіне өндірілді.

Д. Әлімқұл