Русский Сайттың толық нұсқасы

Айыпталушылардың бірі А. Құдайбергенов Денис Тенге пышақ сұқпағанын мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2019
  • 3587

Денис Тенге пышақ сұққан кім? Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы өлімі бойынша жалғасып жатқан сот талқылауында күдіктілердің бірі Арман Құдайбергенов өзіне тағылған кінәні мойындамайтынын мәлімдеді. Тек ұрлыққа барғандығын айтып отыр. Ал, сот алдында жауап беруі тиіс Нұралы Қиясовтың денсаулығы сыр берді. Бүгінгі процесте тағы қандай деректер айтылды? Әріптесім Олжас Нұржақып толықтырсын.  

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

Бүгінгі сот талқылауы айыпталушыларды тыңдаудан басталды. Алдымен Арман Құдайбергенов болған жайтты жіпке тізді. Ол Нұралы Қиясовпен дос екендігін, ұрлыққа қаржы тапшылығынан барғандығын айтты. Ұрлық жасардан бір күн бұрын Жанар мен Нұралыға білдірмей қолғап пен пышақ сатып алған.

Ертеңінде досының көлігіне отырып, көлік айнасын ұрламақ болады. «Лексус» маңына тоқтап, айнасын шешеді. Ал, Нұралы 4-5 метр қашықтықта қарауылда тұрады. Бірақ, бір айнаны алып, екіншісін ала бергенде алдынан Денис шыққан. Ұсталып қалмас үшін қаша жөнелгенін айтты.   

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, АЙЫПТАЛУШЫ:  

Ал, Нұралы денсаулығым сыр берді деп дәл бүгін жауап беруден бас тартты. Судья сот залына жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оның созылмалы асқазан ауруына шалдыққанын және қан қысымы төмендеп кеткенін айтты.  

- Қазіргі уақытта жауап бере алмайтындай, отыра алмайтындай жағдайы бар ма?  

- Ондай жағдай жоқ. Приступ болып жатса?

- Жоқ ондай жағдай...

Ал, Жанар Толыбаева қылмысқа мүлде қатысым жоқ деп отыр. Қылмыс болғанда сол маңдағы аллеяда болған ол: «Олардың арам ойларын мүлде білген жоқпын»- деді.  

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

Сондай-ақ, бүгінгі сот талқылауында спортшы мәйітін сараптамадан өткізген медқызметкер де куәлік етті. Ол Денис Теннің өлімі қан жоғалтудан болғанын айтты. 2 жерге сұғылған пышақтан 3 литр қан аққан. Айта кетейік, келесі сот отырысы дүйсенбі күні жалғасатын болады.

О. Нұржақып