Русский Сайттың толық нұсқасы

Америкалықтардың көбі Мексика қабырғасының салынуына қарсы

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2019
  • 2799

Өзгелерге қыр көрсетіп жатқанда өз жағдайы мәз емес. Америкалықтардың жартысынан көбі Мексика қабырғасын салу бастамасына қарсы. Статистика «СNN» телекомпаниясының тапсырысымен жасалған. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 56 пайызы «АҚШ пен Мексика арасын қабырғамен бөлудің қажеті жоқ» деп есептейді. 39 пайызы бөгет салынғанын дұрыс көреді. Сауалнама құрама штаттардың 848 тұрғынына телефон шалу арқылы жүргізілген. Еске салайық, 22 желтоқсаннан бері АҚШ үкіметі қол қусырып отыр. Себебі, бюджеттен қаржы бөлінбей жатыр. Мексикамен арада қабырға салуға Конгресс қарсы шықты. Бұған қырсыққан Трамп өзге де бюджеттік бағдарламаларға қол қоймай отыр. Ол даулы қабырға құрылысына 5,7 млрд доллар сұраған. Алайда, Демократтар оған тек 1,3 млрд доллар бөлуге келісті. Трамп болса, айтқанынан қайтпай отыр.  

А. Сейфулла