Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда лаңкестік әрекеттің беті қайтарылды

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2019
  • 3250

Алматыда лаңкестік әрекеттің беті қайтарылды. Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция кезінде лаңкестік шабуыл жасауға дайындалған деген күдікпен шетел азаматтарынан құралған қылмыстық топ мүшелерін құрықтады. Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекен-жайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі қосалқы бөлшектер, сондай-ақ, қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. Тергеу болжамына сәйкес ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасы мен олардың басшылылық етуімен әрекет еткен. Қаскөйлер жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолданып, Алматыда халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға дайындалған көрінеді.  

М. Дюсекина