Русский Сайттың толық нұсқасы

Керекуде құны 5 жарым млн теңгеге бағаланған қоғамдық дәретханалар бұзақылардың ермегіне айналды

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2019
  • 3729

Ал, Керекуде құны 5 жарым млн теңге тұратын қоғамдық дәретхана құнын ақтамады. Қазір ол бұзақылардың ермегіне айналған. Жергілікті билік соңғы кезде қалада вандализм деректері жиілеп кеткенін айтады. Қала бюджетінен қомақты қаржы бөлінген әжетхана Орталық жағалау аумағына қойылған еді. Белгісіз біреулер есігін бұзып, ішіндегі заттарды сындырған. Салдарынан құбырдағы су қатып, дәретхананың іші көк мұзға айналыпты. Нысанның қараусыз қалуының себебін әкімдіктегілер былай түсіндірді.  

Арман ҚҰСАЙЫНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

Қазіргі уақытта дәретханаларды коммуналдық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан кейін тазалау шаралары қолға алынады. Қазір қалада үш модульдік және бес стационарлық әжетхана бар. Вандализм деректерінің жиілеуіне байланысты модульдік дәретханалар апатты жағдайда.

Еске салсақ, бағасы 5 жарым млн тұратын бұл дәретхана 2016 жылдың соңында қойылды. Үш кабинасы бар. Ортаңғысы ақша жинап, ішкі жағдайға жауап беретін күзетшіге арналған. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін дәретханаға коммуналдық желілер де тартылған еді. Кіріп-шығудың құны әуелде - 20, кейін 50 теңге деп белгіленді.  

Ә. Мұхитқызы