Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік полицейлер заңсыз бекіре мен балық саудасы үшін айыпталуда

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2017
  • 2997

Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысты ашуы тиіс бұрынғы полицейлер сот алдында жауап беріп жатыр. Олар бекіре мен уылдырықты заңсыз тасымалдаушыларды құрықтаудың орнына, бопсалап, ақша талап еткен деген күдікке ілікті. Айыптау орындығында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Абай Давлетовпен оның қоластындағы 3 қызметкер. Тағы бір сыбайластары, яғни Марат Баевқа іздеу жарияланған.

Балық сатқан Айгүл Нұрғалиева - бұл істе жапа шегуші. Оның сотта айтқан сөзіне сенсек, 2016 жылы күзде балық тасушы Нұрлан Балқожаевпен танысқан. Тауар тасымалдаушы сатушыға ҰҚК өкілдерімен тығыз жұмыс істейтінін айтқан, заңсыз келген балық пен қара уылдырықты тасымалдаушыларды анықтауға көмек сұрапты. Оған келіспегенін айтқан Айгүл Нұрғалиева, қоқан-лоқы да көрсетті, деп отыр.

Айгүл Нұрғалиева, жәбірленуші:

Мен, әрине, келіспедім. Қалайша жаманатты болмақпын? Адамдарды сатып кету маған тән емес. Олар да нанына ақша тауып жүргендер. Алайда, қысым көрсетіле бастаған соң, басқа амалым қалмады.

Нұрлан Балқожаев қазір куәгер ретінде тындалмақ. Келесі сот отырысы 22-ші қарашада өтеді. 

Жақсыбек КЕМАЛ