Русский Сайттың толық нұсқасы

Белоруссияда ақшаны криптовалютаға айырбастайтын алғашқы криптобиржа ашылды

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2019
  • 2539

Белоруссияда алғашқы криптобиржа жұмыс істей бастады. Бұл платформада қағаз ақшаны криптовалютаға айырбастауға болады. Ақпаратты Беларусь басылымдары жариялады. Биржаға екі инвестор қаражат салған. Бірақ, оның соммасы айтылмай отыр. Қожайындар биржаның тағы бір ерекшелігі ретінде токенделген 10 мың биржа активтерін шығаратындығын айтып отыр. Мұны негізінен криптовалюта нарығында тұрақтсыздық болғанда криптоинвесторлар қолданатын көрінеді. Бұл жоба 2017 жылы «Сандық экономиканы дамыту туралы» декрет қабылданғаннан кейін іске қосылып отыр. Жоғары технологиялар паркінің резиденттеріне 2049 жылға дейін салықтық жеңілдіктер берілген. Ағылшын құқының кейбір ережелері енгізіліп, шетелдіктер үшін арнайы рұқсатсыз және үзіліссіз жарты жыл визасыз жұмыс істеуге мүмкіндік беріліп отыр. Елде смарт-келісім, блокчейн, майнинг, токен заңдастырылған. Ал, токен операциясын жасағандар 2023 жылға дейін кіріс пен қосымша құн салығынан босатылған.  

Г. Меңдеева