Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар жаңа көлік алуға жарты триллион теңгеден астам қаржы жұмсаған

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2019
  • 2815

Былтыр ел тұрғындары жаңа көлік алуға жарты триллион теңгегеден астам қаражат жұмсаған. «Қазақстан автобизнес қауымдастығы» бүгін осындай мәліметпен бөлісті. Көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 24% - ға жоғары. Сатып алған су жаңа көліктердің тең жартысы - өз елімізде құрастырылған автокөліктер. Олар импортталатын көліктерді ығыстырып, биыл алғаш рет өз үлесін 55%-ға дейін жеткізіп отыр. Ал, халық арасында ең көп сұранысқа ие көліктердің көшін «Тayota» бастап тұр. Екінші орында «Hyundai» компаниясы.  

Анар МАҚАШЕВА, ҚАЗАҚСТАН АВТОБИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: 

Үкімет тарапынан жасалған қолдау шаралары отандық автоөнеркәсіптің дамуына оң ықпалын тигізді. Мәселен, ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы аясында қазақстандықтар 90 мың ескі көлікті тапсырып, жаңа көлік сатып алды. Бұдан бөлек, 4 проценттік автонесие арқылы да жаңа көлік мінгендердің қарасы басым. Осы қарқынды жоғалтпасақ, елде жаңа көліктер саны көбейеді. 

Ә. Өмірзақ