Русский Сайттың толық нұсқасы

Орманшы өлімін Қ.Қожамжаровтың өзі бақылауға алды

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2019
  • 3847

Еліміздің орман және аң шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерін заманауи техникамен қамтамасыз ету керек. Қарағанды облысында болған қайғылы оқиғаға қатысты бүгін депутаттар үн қатты. Күні кеше брокеньерлер ақбөкенге араша түскен орманшы Ерлан Нұрғалиды ұрып өлтірген еді. Парламент қабырғасында Бас прокурордың орныбасары өзге де атышулы істерге қатысты пікір білдірді. Студиямен тікелей байланысқа шығып тұрған тілшіміз Гүлмира Тасболатқызы айтып беруге дайын. Сонымен Гүлмира, әлеуметтік желілерде жұрт орманшыны өлтіріп кеткендер дәулетті жандар. Олар Заң алдында жауаптан жалтаруы мүмкін деген пікірлер айтып жатыр. Бұған прокуратура өкілі не деді?  

Гүлмира ТАСБОЛАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Ия, Оксана. Ондай ойлардың айтылып жатқаны рас. Бүгін еліміздің Бас Прокурорының орынбасары Андрей Лукин бұл істі Қайрат Қожамжаровтың өзі жеке бақылауға алғандығын мәлімдеді.

Сондай-ақ, депутаттарды орманшылардың барконьерлерге құр қол қарсылық көрсете алмайтындығы да алаңдатады екен. Оларды тиісті деңгейде қару-жарақпен жабдықтау керек дегенді айтты. Мәжілісмендер мұны тіпті заңмен де бекітуге дайын көрінеді. 

Бақтияр МӘКЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТЫ: 

Біз бұл мәселені Парламентте де, Үкіметте де, депутаттық сауал ретінде менің әріптестерім көтерген болатын. Әрине, екі жеңіл көлікпен оның инспектордың көлігі оған жете алмайды. Ол жалғыз өзі барып, оларға бір мүмкіндік жасай алмайды.

Естеріңізге салсақ, Қарағанды облысында болған қайғылы оқиғаға кінәлі аңшылардың кім екені анықталды. Жуық арада полиция оларды қамауға алуы тиіс. Қашқын демекші, бүгін Мәжіліс қабырғасында олигарх Мұхтар Әблязов туралы да сөз болды. Депутаттар Қазақстан мен Иордан Хошимит корольдігі арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы Заң жобасын талқылаған еді. Өкінішке қарай, мұндай заң Швейцариямен екі арада мүлде жоқ екен. Виктор Храпунов сынды қашқын олигархтардың осы елге барып пана табатыны сондықтан да шығар. Әзірге кәрі құрлықтағы «банкирлер елімен» қылмыскерлерді ұстап беру туралы мәселе жуық уақытта қаралмайтын да сыңайлы.    

Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Түркістан облысындағы атышулы Абай ауылындағы жағдайға да тоқталды. Жалпақ елдің жағасын ұстатқан екі бірдей оқиғаның дәл осы елді мекенде орын алуы сәйкестік пе әлде жоқ па , ол арасын ажыратып айту қиын, әрине. Алайда, құзырлы орган өкілі: «педофилдар қаптап кеткен ауылда прокурорлар да өріп жүр» - дейді.  

Андрей ЛУКИН, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:     

Алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір Түркістан облысына Астанадан орталық аппараттың бір топ мүшелері аттанды. Оған Түркістан облыстық прокуратурасының мамандары қосылды. Мұндай оқиғаларды бетін алуға бағытталған шаралардың жоспарын бекіттік. Абайлықтардың арасында түсіндіру шараларын жүргізіп жатырмыз.

Былтыр Түркістан облысында зорланған жеті жасар балаға қатысты жуырда үкім кесіліп, жұрт енді сабасына түскен еді. Дәл осы ауылда тағы бір жасөспірімнің екі жыл қатарынан зорланып келгені туралы ақпарат тағы дүр сілкіндірді.  

Гүлмира ТАСБОЛАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:   

Мәжіліс қабырғасында бүгін кино туралы да сөз қозғалды. Депутат Қуаныш Сұлтанов жуырда ғана сәтті жүзеге асқан «Жусан» операциясының желісімен деректі фильм түсіріп, отандық арналарда қазақстандық туындыралдың үлесін көбейтуді талап етті. Ұсыныс киногерлердің құлағына жетсе, алдағы уақытта бүгінгі күннің батырлары туралы экшн-фильм көруіміз де әбден мүмкін.

Г. Тасболатқызы