Русский Сайттың толық нұсқасы

Қуандық Бишімбаевты 2 миллион доллар параны "Халық банктағы" есепшоты арқылы алған деуге негіз жоқ - адвокат

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2017
  • 2481

«Қуандық Бишімбаев 2 миллион доллар параны "Халық банктағы" есепшоты арқылы алған» деп тағылған айыптың нақты дәлелі жоқ. Бұл туралы экс-министрдің немере інісі Сұлтан Нұрлыбектің адвокаты айтты. Алдағы сот отырысында осыны дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар көрсетілмек. "Ал экс-министрдің немере інісі Сұлтан Нұрлыбектің Бишімбаевқа әкеп берді деген 2 миллион доллары - кәсіпкердің 2002 жылдан бері адал тапқан ақшасы", - деді адвокат.  Сот отырысы 10 қарашада жалғасады.

Гүлнар Сүлейменова, С.Нұрлыбектің адвокаты:

Біріншіден, пара берді деген фактіде параның өзі де жоқ. Алды деп отырған ақша жаз айында болған, ол оны араға 8 ай сала отырып заңдастырған. Тергеушілер банктен алған есепте кіріс бар екені анықталған, бірақ менің қорғаушым Сұлтан Нұрлыбек - 2002 жылдан бері бизнес саласында қызмет еткен азамат. Мемлекеттік қызметте ешқашан жұмыс істемеген.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ