Русский Сайттың толық нұсқасы

Магнитогорск қаласында болған жарылысқа ДАИШ халықаралық лаңкестік топ кінәлі

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2019
  • 3167

Ресейдің Магнитогорск қаласында болған жарылыстарды халықаралық ДАИШ лаңкестік тобы ұйымдастырған. Бұл жайында олар өздерінің «Телеграм» каналында хабарлапты.  

Бұл ақпарат жұрттың жағасын ұстатқан оқиғадан кейін бірнеше күн өткен соң ғана жарияланып отыр. Оны лаңкестер жарылыс ұйымдастырған жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әдейі уақыт создық деп түсіндіріпті. Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға Ресейдің Магнитогорск қаласында 31 желтоқсан күні орын алған еді. Көпқабатты үйдің бір подьезі түгел опырылып, салдарынан 39 адам мерт болды. Мамандар сол жолы газ құбыры жарылды деген жорамал жасаған болатын. Араға бір күн салып, құлаған үй тұрған көшеде» Газель» автокөлігінде де жарылыс болды. Оның ішінен үш ер адамның мәйіті табылған. Лаңкестер екі оқиғаға да қатысымыз бар депті.   

Г. Тасболатқызы