Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ақылы ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2019
  • 3293

Қазақстанда бүгін алғаш рет ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырылды. Биылдан бастап сынақ жылына төрт рет өтеді. 18 мен 20-шы қаңтарда 35 мың бала бақ сынамақ. Олардың арасында өткен жылы қажетті балл жинай алмағандар мен мамандығын өзгертуді көздейтіндер де бар. Аралық тест арқылы, түлектер тек ақылы білім алуға жолдама алады. Ал, мемлекеттік грантқа таласу үшін маусым айында тест тапсыруы тисі. Әлішер Өмірзақ тарқатады.  

Бір қалам, бір бөтелке су. Тест тапсыруға кіру үшін, оушыларға рұқсат берілетін бұйымдар осымен шектеледі. Алғашқы күні 9 мың жеткіншек сынақ тапсыруға бел буған. Бұл басты емтихан алдындағы аралық бақ сынау.  

Эльмира СУХАНБЕРДИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

Ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы қалыпты жағдайда өтіп жатыр. 140 сұраққа 3 сағат беріліп отыр. Бүгін ақылы тапсырса, мектеп бітіргенде грантқа тапсырамын деген ойы болса, оған ешқандай кедергі жоқ.

Соңғы екі жыл ішінде елде студенттер саны 25 мыңға артқан. Оның үштен бірі көрші мемлекеттен келетіндер. Түлектердің дайындығын пысықтау үшін, биылдан бастап Ұлттық бірыңғай тест 4 рет өтеді. Қаңтар, наурыз, маусым мен тамызда. Орталық мамандары «қисынсыз» сұрақтар кездеспейді деп отыр.

РАМАЗАН ӘЛІМҚҰЛОВ, ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әр тест сұрақшасында жаңа сұрақтарды қолданамыз. Біз жыл сайын 30-50% көлемінде тест сұрақтарын жаңартып отырамыз. Аппеляция бойынша 1 пайызға дейін погрешность болып тұрады. Ал, жалпы тест сұрақтарының ішінде 0,04 пайыз ғана өтініш болды. Біздің ойымызша бұл көрсеткіш жаман емес.

Тест тапсыру құны 2242 теңге. Алғаш рет өтіп жатқан қысқы сынақты 25 615 оқушы қазақ тілінде тапсыруды ұйғарса, 10 162 бала орыс, 61 оқушы ағылшын тілінде тапсырмақ.

 Негізі оңай болды. Кому как қой бірақ. Кейбіреулері қиын дейді, кейбіреулері оңай дейді. Но маған негізі оңай болды.

 Бүгінгі тест қиын болды негізі. Бірақ алдағы уақытта көре жатармын енді.

 Басында қатты қобалжыған едім, бірақ соңында тесттердің сұрақтарын қарай келе, олардың жеңіл болғанын көрдім

Сіз неше балл жинадым деп ойлайсыз?

Жүзден артық ала алмайтын

Маған екі пәннен бес бестен жинау керек болды. Жинадым деп ойлаймын.

Алпыстан асады

Бүгінгі сынақтан жоғарғы балл жинаса да, мемлекеттік грантқа түсуге мүмкіндік жоқ. Ереже солай. Есесіне, шет елге оқуға баратындар, жазды күтпей-ақ, осы жинаған балмен жолға шыға береді. Өзгелері үшін, бұл басты сынақ алдындағы білімін шыңдау іспетті.

Ә. Өмірзақ