Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы үш жылда 10 инспектор браконьерлердің қолынан жапа шеккен

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2019
  • 2540

Соңғы үш жылда 10 инспектор браконьерлердің қолынан жапа шеккен. «Табиғат жанашырларының құқықтық мәртебесі қайта қаралуы керек». Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қарағанды облысындағы қайғылы жағдайдан кейін осылай мәлімдеді. Арман Евниевтің сөзіне сенсек, инспекторларға түрлі деңгейде зақым келтірген браконьерлер тиісті деңгейде жауапқа тартылмайтын көрінеді. Соңғы үш жылда 10 инспектор сұғанақ аңшылардың қолынан жапа шеккен. Соның тек біреуі жазаланыпты. Қалғаны заңсыз аң аулағаны үшін ғана айыппұл төлеп, құтылып кеткен.   

Арман ЕВНИЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бірінші рет мұндай жағдайға келіп отырған жоқпыз. Сотқа барады, барғаннан кейін барлығы әрі қарай шешімін таба алмайды, жауапқа тартылмайды. Сондықтан, осы мәселені біз көтеруіміз керек, Үкімет деңгейінде шешуіміз керек.

Қазір республика көлемінде 220 инспектор бар. Олар 122 млн гектар аумақты торуылдайды. Жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау үшін маман санын көбейту керек, жауапты кәсіпорын басшылығы. Сондай-ақ, олар инспекторға қару қолдануға рұқсат беретін, Заңға өзгерістер енгізу қажеттігін айтып отыр.  

Ерзат ӘЛЗАҚОВ, «ОХОТЗООПРОМ» ӨБ» РМҚК БАС ДИРЕКТОРЫ: 

Біздің инспекторлердің көбісіне көп претензия қойылады. Неге аттың? Не себептен аттың? Ол алдымен саған атты ма, атпады ма деген сияқты. Вот осындай мәселелер шыққаннан кейін біздің инспекторлердің көбісі қаруды қолдануға қорқады да аяғын тартады.

Д. Қайыртай