Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театры орналасқан ғимарат күрделі жөндеуден өтеді екен. Бұл жақсы жаңалықты Мәдениет және спорт министрлігіне сауал жіберген біздің тілшіміз Ришат Асқарбекұлы бірінші болып естіді. Ғимараттың әбден тозғаны белгілі. Бірақ оның қасбетін бүлдірмей, іргесін беріктендіру мүмкін бе?! Сонымен бірге жөндеу басталғанда театр жабыла ма? Жауаптары Ришаттың материалында.
Есмұхан Обаев, ҚР Халық әртісі:
Баяғыда осы театрға кіргенде құран оқытқан. Бұл зираттың үстінде тұр. Мұнда қалалық зират болған. Сол сияқты одан бері қанша уақыт өтті. Театрды жан-жақтан -университет, метро мына жақтан цирк қысты, артымызда "Театральный" деген микраройон салынды. Сол театрды түсіріп жіберді. Театр алыстан қарағанда қайық -кеме сияқты бір алыстан жарқырап тұру керек қой.
Есмұхан Обаев қазақ театр өнерінде танымал тұлға. Халық әртісі алпысыншы жылдардан бері өнер мекенінде үздіксіз қызмет етіп келеді. Осы ұжымды басқарған кезі де болды. Сондықтан оған қасиетті өнер ордасының қыр-сыры, тіпті шаруашылық жұмыстарына дейін бес саусақтай мәлім.
Мынаның барлығы кәдімгідей шуруптармен отырғызылған. Құлап жатыр. Оны кәдімгідей қолменен шуруптармен бұрап қоямыз. Енді осыларды ауыстыратын кез келді ғой, 40 жыл тұрды.
Ұжым Қызылордадан көшіп келген соң қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы жастар театрының ғимаратына орналасады. Бұл ғимаратқа 1982 жылы қоныстанған. Халық әртісі Нүкетай Мышпаева театрда 62 жылдан бері еңбек етеді. Осы оқиғалар сексеннен асса да сахнадан түспеген актрисаның көз алдында өтті.
Нүкетай Мышпаева, ҚР Халық әртісі:
Өнер әдемілікті жақсы көреді, өнер тазалықты жақсы көреді. Өнер жүректің лүпілін жақсы көреді. Сол сияқты бұл жерге келгенде қандай қуанып едік. Жап-жаңа, жарқыраған дүниеге кірдік деп. Енді қазір бірақ тозып қалды. Енді анда-санда өзіміз ол жағын жақсы білмеймін. Тұңғышбайдың кезінде ремонт жасадым деп жүретін. Басқалары ремонт істедім дейтін. Кім біледі оны? Расында тозды. Ал енді көрермендер отыратын жер тас суық. Отырғанда бәрі жөтеліп отырады, Ол кімнің кінәсі білмеймін. Біздікі сахнада образ, кейіпкер жасау ғана.
Десе де, жергілікті тарихи ескерткіштер реестріне енген ғимаратқа күрделі жөндеу жасалатын болыпты. Бұл жақсы жаңалықты Мәдениет және спорт министрлігіне сауал жіберген біз бірінші болып естідік. Театрда 2 жыл күрделі жөндеу жүреді. Бірақ оның қасбетін бүлдірмей, іргесін беріктендіру мүмкін бе?! Жеті қабаттан тұратын ғимаратта 588 бөлме бар.
Гүлнәфис Мырзашева, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кинематография және театр өнері басқармасының бас сарапшысы:
Жаңалау керек, өздеріңіз білесіздер, оның сыртқы қасбеті түсіп жатқан жайы бар. Қауіпсіздік үшін, мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік жасау үшін де біраз өзгерістер болады. Жобалау сметалық құжаттары дайындалды. Ол конкурсқа тапсырылып, нәтижесінде жеңіп алған ұжым бар. Дайындық бар. Жөндеуге жабылғанда театр жұмыс жасайды. Себебі онда екі зал бар.
Нүкетай Мышпаева, ҚР Халық әртісі:
Осы театрдың іргетасын қалаған ағаларымыз бен апаларымыз еді. Ол кезде оларды апа-ата деуші едік, солардың ортасына келдім. Елубай Өмірзақов, Қамал Қармысов, Серке Қожамқұлов, Сәбира Майқанова, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Хадиша Бөкеева апайларымыздың ортасына түстік. Олар оқымаған, бірақ табиғи талант еді. Олар сахнада ойнамайды, өмір сүреді. Әрбір ойнаған образдарында әрқайсысы бөлек даусы, жүрісі тұрысы да.
Мәдина Келгенбай, актриса:
Басында келе салғанда иә, сахнаға емін-еркін жүгіріп шығып кете алмаймыз. Өзіндің бір мысы басып тұрады.... Қанша жерден жөнделсе де, театр өз абыройын сақтап қалады деп ойлаймын.
Ұлттық театрдың қалыптасуына еңбек еткен өнер саңлақтарының мол мұрасы да сақтаулы мұнда. Ғимаратта көрермен үшін көп жылдан бері мұражай жұмыс істейді. Жеке мұрағатта мыңдаған фотосуреттер, түрлі жәдігерлер, реквизиттер мен киім кешек сақтаулы. Ең құндылары Сәбира Майқанова, Әнуар Молдабеков пен Фарида Шәріповалардың сахналық киімдері.
Наргиз Тамабекқызы, театр музейінің жетекшісі:
Біздің теардың мақтанышы- осындай ірі тұлғалардың тері сіңген сахналық киімдеріне дейін сақтаулы. Олардың саны қазір бізде 40-қа жуық. Мынау "Сүйікті менің ағатайымдағы" Әнуар Молдабековтің сахналық киімі.
Театр ғимаратының ішінде де өзгерту керек жер жетеді. Мынау австриялық «Кальмар» фирмасы жасаған аспалы люстралар. Мыңдаған хрусталь бөлшектерінен тұрады. Оның бір шамын ауыстыру үшін бір сағат уақыт қажет. Аумағы 1 мың шаршы метрде орналасқан фойеге көрік беріп тұрған да осы. Жалпы, ғимараттың ішін кезінде Мәскеуден келген мамандар арнайы материалдармен әрлеген.
Капитальный ремонт болған кезде осы қалпын сақтап қалу керек. Бірақ жөндеу керек. Ішінің бәрінің полы шіріп тұруы мүмкін. Мынаны да кезінде ремонт кезінде көтеріп жіберді де, көререрменге ыңғайсыз. Енді оны төмен түсіру керек.
Негізгі көрермендер залына 850, ал кіші залға 300 адам сыяды. Сахнаның жарық-дыбыстық қондырғылары, акустикасын да түбегейлі жаңалау қажет. Реквизиттер сақтайтын қоймалар мен арнайы цехтарын да.
Осы міне, бұл 81 жылы жасалғаннан тұр. Осыны кішкене ғана бір рамаға сыйдыруға болады ғой. Қаншама провод шығып 6-шы этажға дейін тартылған, тиристорный блок деген бар. Спектакль кезінде істемей қалуы мүмкін. Бірақ құдай сақтап істеп тұр. Себебі күнде қадағалап қояды ғой.
Милиардтаған қаражат жұмсалатын күрделі жөндеу қала орталығындағы сәулет ансамблін бұзбауы керек. Құрылысшыларға қойылатын талап осы. Ең бастысы - ғимараттың тарихи ескерткіштер санатында екені ескерілуі шарт.
Ришат Асқарбекұлы, тілші:
Театр ғимараты отандық сәулет өнеріндегі бірегей дүние. Оның қай қырынан қарасаң да сыртқы тұрқы бірдей көрініс береді. Негізгі ерекшелігі де сонда. Әуезов театры алдағы күндері қойылым тамашалайтын өнер мекемесі ғана емес, туристер де емін-еркін кіріп, тамашалай алатын көрікті мекенге айналса деп тілейміз. Себебі бұл әкем –театр, әке театр. Қазақ театр өнері осы жерден тамыр алған.
Ришат Асқарбекұлы «Біздің уақыт».