Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазинвестбанк» салымшылары өз салымдарын толықтай қайтарып алған

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2017
  • 2401

Биыл жылдың басында банкрот деп танылған «Қазинвестбанк» салымшылары өз депозиттерін толықтай қайтарып алған. Бұл процедураны аталған қаржы институтының активтерін өзіне алған «Альфа Банк» атқарған. Бұл туралы банктің басқарушы директоры Андрей Елхов біздің арнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

Жеке тұлғалардың «Қазинвестбанк» депозиттеріне салған салымның көлемі 8 млрд теңге. Тұтынушылар оның 3 млрд теңгесін қайтадан «Альфа банкке» сеніп тапсырған. Енді лицензиясы тоқтатылған банктің бұрынырақта өз клиенттеріне үлестірілген несиелерінің 40 пайызын «Альфа Банк» қайтарып алудан үміттеніп отыр. Келісімшарт бойынша «Альфа банк» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 3 млрд теңге активін өздеріне алған. Зейнетақы қоры ілгеріде бұл қаражатты «Қазинвестбанк» қаржы инситутына салған. Ол кезде зейнеткерлердің ақшасын банк 14 пайыз жылдық мөлшерлемемен қабылдаса, «Альфа Банк» жақында жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын 2020 жылға дейінгі мерзімге 8 пайыз жылдық мөлшерлемемен пайдалануға келіскен.