Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы мешіт қызметкерлері білім сынағынан өтуде

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2019
  • 2678

Алматыдағы мешіт қызметкерлері аттестациядан өтіп жатыр. Бас имамдар, молдалар, ұстаздар мен азаншылар екі сынақтан өтуі шарт. 5 жылда бір рет ұйымдастырылатын емтиханға 50-ге жуық қызметкер келіпті. Сынақ екі кезеңнен тұрады. Алдымен компьютерде әзірленген діни сұрақтарға жауап береді, сосын ауызша сұрақ-жауап бойынша сауатын шыңдайды. «Осы арқылы жан-жақты білімін дамытып отыру көзделген»,- дейді Орталық мешіттің бас имамы.  

Еркінбек ШОҚАЙ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ: 

Мешіттегі халықтың сауат деңгейі, мәдениет деңгейі, талабы күннен күнге жоғарылауда. Артуда. Міне осы талаптардың барлығына біз имамдар, мешіт қызметкерлері жан-жақты сай болуымыз керек. Тек қана діни сауат тұрғысынан ғана емес, зайырлы мәселелер бойынша және қоғаммен жұмыста, психология бойынша және басқа да тарихи мәліметтер жағынан болсын.

О. Нұржақып