Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмолада 6 дәрігер қызылша жұқтырды

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2019
  • 2733

Ақмолада қызылшаға шалдыққан 6 дәрігер вирусты науқастардан жұқтыруы мүмкін. Бас санитар Жандарбек Бекшин Үкімет қабырғасында осылай деп мәлімдеді. Медициналық талдау әлі аяқталмапты. Сондықтан инфекция жұқтырған ақ халаттылар саны артуы мүмкін деп отыр. Биыл ел бойынша 700-ге жуық адам қызылшаға шалдыққан. Аурудың алғашқы белгілері тұмауға ұқсас келеді. Қызу көтеріліп, әлсіздік пайда болса, дер кезінде дәрігерге баруды ескертті. Дертпен ауырғандардың басым бөлігі - екпе салдырмағандар. Бірақ, былтыр вакцинадан бас тартқан 2,5 мың адам қайта екпе алған.  

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Екпеден бас тартқан ата-аналар балаларына вакцина салуға келісім берді. Бұл - өте маңызды мәселе. Тұрғындардың 51% - жеке көзқарасымен, 32% - діни сеніміне байланысты вакцина салдырғысы келмейді. Қазір жұқпалы ауру көбейген кезде ата-аналардың өздері түсіне бастады. Екпені міндетті түрде алу қажет.

А. Бектас