Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық тағамымыз - құрт жаңа мерекенің символы ретінде таңдалуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2016
  • 3288

Бүгін алғаш рет тойланған «Алғыс айту» күнінің символы ретінде құрт алынуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Нәзипа Шанай айтты. Оның сөзінше, бүгін Назарбаев орталығындағы көрмеде «Құрт - қымбат тас» деген оқиғаның тарихы көрініс алған. Сондықтан да ұлттық тағам жаңа мерекенің символына айналса, артық етпейді деген пікір айтылды. 

Нәзипа Шанаи, ҚХА хатшылығының сектор меңгерушісі:

 АЛЖИР тұтқындарын қазақтар құрт атып асыраған әңгіме есімізде. Сол кішкентай дәруменге бай тағам мыңдаған адамды ажалдан құтқарды. Олардың кейбірі әлі күнге дейін қазақ құрты мен бауырсағының дәмі есімізде деген болатын. Осы тағам қаншама адамды аман қалып қалса, демек оның символ ретінде мәні бар. Сол себепті құрт - қымбат тас ретінде символ болуы мүмкін деген ой айтылды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ