Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда жаппай төбелес болып, бір адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2017
  • 4194

Жамбыл облысында жаппай төбелес болып, арты атысқа ұласқан. Қарулы қақтығыстан 7 адам жапа шегіп, бір адам қаза болды. Ал мылтық атқан күдікті іздестіріліп жатыр. Қақтығыста қолданылған қару - 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы мылтық. Бақилық болған адамның денесінен бытыра оқтары табылған. Қазір жаппай жұдырықтасуда жарақат алған жеті адам Аса ауылындағы аудандық ауруханада жатыр. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы: 

Барлығы 22-42 жас аралығындағы ер адамдар. Атыс қаруынан кеуде тұсынан жарақат алу салдарынан осы ауданның 30 жастағы тұрғыны қаза болды. Асадан Құмтиын ауылына бет алған көліктің екі жолаушысы ерегісіп, түнге жақын өз жалғасын тапқандығы анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді