Русский Сайттың толық нұсқасы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылығы жазаланатын болады

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2017
  • 2629

Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы деректердің тарап кетуіне қатысты дау-дамайдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылығы жазаланатын болады. Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігіндегі жиналыста Дәурен Абаев мемлекеттік корпорация басшысының орынбасарына сөгіс беруді тапсырды. Оның айтуынша, дау тудырған мәселе бұл салада үлкен проблеманың барын анықтап берген. Енді қазақстандықтардың өтініштері толық бақылауда болатынын айтты. Сонымен бірге, өз өзіне қызмет көрсетудің жүйесін күшейтпек. Тіпті шетелдік тәжірибені қолданатын болады. Дәурен Абаев Грузияның 19 халыққа көрсету орталығында келеңсіз жағдайдың мүлдем болмайтынын мысалға келтірді.

Еске салайық, алматылық Анна Дмитриевич халыққа қызмет көрсету орталығындағы қыземкеткердің оның жеке басына қатысты мәліметтерін банкке бергенін анықтаған болатын.  

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Алматы ауданы бөлімінің басшылары мен қызметкерлері жұмыстан қуылды. Алматы қаласы халыққа қызмет көрсету департаментінің басшысы қызметінен кетті. Менің ойымша, бұл жеткіліксіз. Сондықтан мемлекеттік корпорацияның төрағасының орынбасары Әсемгүл Балташеваға сөгіс берілсін. Болған оқиғадан кейін барлығы сабақ алады деген ойдамын. Өйткені халық сенімінің құны жоғары. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, еліміздегеі халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсету сапасына бақылау күшейтілген.

Орталыққа қызметке кіргендер жұмысқа кіріспес бұрын, құпия ақпараттарды жарияламау туралы келісімшартқа отырады. Келешекте, азаматтардың құжатын алмас бұрын, аладымен иесінен рұқсат сұрайтын болады. Атқарылатын барлық шаралар «Сандық Қазақстан» бағдарламасының аясында жүргізілетін болады.