Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мұнайын тиеген сауда кемелері Түркиядағы Босфор мен Дарданелл бұғаздарынан өте алмай тұр

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2019
  • 3300

Ал, Қазақстан мұнайын тиеген сауда кемелері Түркиядағы Босфор мен Дарданелл бұғаздарынан өте алмай тұр. Оған себеп - Түркия билігінің кемелерге қатысты жаңа ережелерді орнатуы. Енді үлкен кемелер қосымша буксирлермен жүруі шарт. Салдарынан Қара теңізді өту үшін күтуге кететін 5-6 күн 13 күнге дейін ұзарды. Оған қоса ауа райының қолайсыздығы да жағдайды ушықтырып отыр. Сарапшылардың айтуынша, жағдай бұлай жалғаса беретін болса, Жерорта теңізіндегі мұнай өндіруші зауыттары өте қиын жағдайға тап болады. Қазірдің өзінде «кептелісте» 39 млн баррель мұнай тиеген бірнеше мемлекеттің кемелері тұр. Айта кетсек, жыл сайын Босфор мен Дарданелл бұғаздары арқылы 120 млн тонна мұнай мен мұнай өнімдері тасымалданады.  

Ә. Өмірзақ