Тараздағы «Қант зауыты» Қазақстан нарығының 50 пайыз сұранысын жауып отыр. Өндіріс орны жылына 250 мың тоннадай қант шығарады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы Тараз қалалық филиалының бастауыш партия ұйымдарымен кездесуі барысында айтылды. 80 жылдық тарихы бар кәсіпорында қазір 700 адам жұмыс істейді. Барлығы да бас партияның мүшелері.
Жиында президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы негізінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал ақпараттық топ мүшелері жиналғандармен сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты. Аталған «Қант зауыты» ауданында тұратын тұрғындар болса, депутаттарға айналаны абаттандырып, су жаңа саябақ салып беруді сұрады. Рухани жаңғыру үшін көпшілік тынығатын мәдени орындардың маңызы зор екенін түсінірді. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері елдің сұранысын ескеретінін айтты. Сонымен қатар, тұрғындар латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын жеткізді. Әсіресе медицина саласы мамандарының айтуынша, адам емдеудің алғашқы жазбалары латын әліпбиінен басталып, бүгінге дейін сол үрдісімен жаңылыспай жалғасып келе жатыр екен.
Мади Қосжанов, «№7 қалалық емхана» БПҰ төрайымының орынбасары:
Әсіресе біздің медицинаға керекті әліпбидің бірі. Өйткені бізде барлық науқастарға қойылатын диагноздың бәрі латын тілінде жүргізіледі. Және қазіргі жаңадан шығып жатқан дәрілердің атауы бәрі де, латын тілінде, яғни әліпбиінде жазылады. Сол әліпби бізге енгізілсе, жұмысымыз да біраз жеңілдетіледі деп ойлаймын. Өйткені бұрыннан оқып келгенде де барлық жерде айтатын: «Медицинаның негізі - латын», - деп.