Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының ашық есік күні өтті

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2017
  • 3855

«Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасының 2-ші бағыты бойынша бүгін Шымкентте ашық есік күні өтті. Әл-Фараби аудандық филиалының ұйымдастырған шараға негізінен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы, аз қамтылған  отбасынан шыққан жастар қатысты. Жиналғандар партиялық «Сәтті қадам» жобасы студенттерге үлкен мүмкіндіктер бергенін алға тартты. Сондай-ақ жас буын партия өкілдерінен көкейінде жүрген бірқатар сауалдарға жауап алды. Мемлекет қамқорлығында тәрбиеленген буынды толғантатыны - баспана мен жұмысқа орналасу жайы. Билік партиясы балалар үйінде тәрбиеленген кәмелет жасына толмағандарға тағы қандай мүмкіндіктер берілетінін де тәптіштеп түсіндірді. Мәселен, бір ғана «Болашақ» колледжі жетпіске тарта жастың тегін білім алуына мүмкіндік бар. Филиал төрағасы бұл үрдісті алдағы уақытта да жалғастыратынын жеткізді.

Сәттар Қуашбаев, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы  әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы:

Мұндағы басты мақсат - студенттердің арасындағы ой-пікірді білу және оларды «Сәтті қадам» негізгі тұғырнамасымен түсіндіру. Жалпы бұл жұмыс бізде бұрыннан жүріп келе жатыр. Биылдың өзінде біршама ауқымды жұмыс істедік. Олардың біршамасы ауылдағы жастарды қолдау мәселесі, әсіресе жетім балаларды және тұрмысы ауыр отбасыларды, сонымен қатар мүгедек балаларды қолдау мақсатында үлкен іс-шара  жүргіздік.

Бекназар Тастанбек, «Болашақ» колледжінің 4-курс студенті:

«Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы аясында осы колледжде оқып жатырмын. Осы колледж ақылы болғанмен, маған 100 пайыздық жеңілдіктер жасалып жатыр. Бұл жерде мен ғана емес, басқа да студенттерге де осындай 100 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған.