Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы әуежайында әзілдемек болған пранкердің біреуі қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2019
  • 2982

Алматы халықаралық әуежайында тірі адамды жүк ретінде әуе рейсіне алып өтпек болғандардың біреуі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Ол қалалық ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ұсақ бұзақылық әрекеті үшін үш тәулікке қамауға алынған. Ал, сот қалған екі азаматтың әрекетінде құқық бұзушылық жоқ деген шешім шығарыпты. Жас жігіттер мұны қалжың үшін істелген деп ақталған. Олар бүгін де әрбір қадамдарын бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр.  

Міне біз сотқа келдік. Қазір бізді қамайын деп жатыр.   

Абай ЖАРЫЛҚАСЫН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ: 

Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Рамазан Рамбердиев Қазақстан Республикасының ӘҚБ кодексінің 434 бабы 1 бөлімінде көзделген бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік әкімшілік жазасы тағайындалды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, оқиға Алматы әуежайында болған. Мамандар салмағы ауыр жүкке жіті назар аударған. Алайда, айлақ тексерушісі сөмкедегі адамның қолын байқап қалған. Ал, әлеуметтік желіде лүпіл жинамақ болғандар бұл сәтті сырттан бейнекамераға түсірмек болған.  

Р. Асқарбекұлы