Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай тұрғындары мен заңды тұлғалардың жылуға қарызы 873 миллион теңгеге жетті

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2019
  • 2013

Қарызды қайтару үшін борышкерді уақытша қамау керек. Қостанай жылыту энергетикалық компания өкілдері осындай қатаң шара қолдануға мәжбүр болып отырғандарын айтады. Қазіргі таңда қала тұрғындарының жылуға берешегі 608 миллион теңгеден асқан. Борышкерлер арасында 10 жылдан бері төлемей жүргендері де бар көрінеді. Тіпті, кейбір тұтынушының берешегі миллион теңгеге жеткен. Заңды тұлғалардың да қарызы қордаланған. 264 миллион 500 мың теңге. Жергілікті жылыту энергетикалық компания қызметкерлері рейдтік шараны күшейтіп, қарызы қалың тұрғындарды шетінен сотқа беріп жатыр. Былтыр сот арқылы борышкердің пәтері бәссаудаға қойылып, қарызы жабылған көрінеді. Биыл да бірнеше тұрғын мүлкінен айрылмақ. Жуықта бір тәулікке қамалған қала тұрғыны шыға сала 350 мың теңге берешегін төлепті. Компания өкілдері жиырма күннің ішінде тұрғындардан 450 миллион теңгедей қарызын өндірген. Заңды тұлғалар да 316 миллион теңгесін жапқан.  

Әлібек САБЫР, ҚЖЭК БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі таңда бізде қарызы көп тұтынушылардың бірі ол миллион қарызы бар тұтынушы. Оған қатысты қазір бүкіл іс құжаттардың барлығы жиналып, 109 баппен негізі сот өкілдеріне дайындалып жатыр. Жекеменшік пәтерді сатудың арқасында қарыздарды жабу үшін барлық іс-әрекеттер жасалуда.

З. Санай