Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жастар жылында «Жастар орталығы» ашылмақ

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2019
  • 4392

Астанада жастар жылында «Жастар орталығы» ашылады. Бұл туралы елорданың Жол картасын бекітуі кезінде белгілі болды. Енді жастар құқықтық, психологиялық, әлеуметтік мәселелерімен осы мекемеге жүгіне алады. Сондай-ақ, өңірлерден келгендер арзан бағаға хостел мен коворкинг қызметін пайдалана алады. Әкімдіктің хабарлауынша, орталықты қайта жөндеуге 340 млн теңге қарастырылған. Ол Астана күні қарсаңында ашылады. Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап жастарға арналған тегін «2019» желісі іске қосылды. Осы бір ай ішінде 400-ден астам адам хабарласқан. Қоңырау шалғандардың көбі жұмыс пен тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінген.  

Үкібай НҰРПЕЙІСОВ, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» КММ БАСШЫСЫ: 

Білесіздер «Жастар» сарайы бар-тын. Бірақ, оның жастарға қатысы болмайтын. Қазір осыны жастарға береді. Бүкіл Астана жастары, ұйымдары енді сарайда отыратын болады. Идеологиялық тұрғыдан айтатын болсақ, жастар қайда звондау, хабарласу керектігін біледі. Көмек табатын болады. Енді жастар қайда бару керектігін білетін болады.

Д. Сапарқызы