Русский Сайттың толық нұсқасы

Алғыс айту күнін шымкенттіктер де тойлады

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2016
  • 1926

Алғыс айту күнін Шымкент тұрғындары мен қонақтары да айырықша сән-салтанатымен атап өтті. Орталықтағы Тәуелсіздік саябағына жиылған көпшіліктің көңілі көтеріңкі. Этномәдени орталық өкілдерінің мерекелік концерті бүгінгі күннің ажарын аша түсті. 130-дан астам ұлт пен ұлыс қоныстанған аймақ халқы елдегі тұрақтылық пен бірлік үшін алғыс айтты. Тағдыр тоғыстырған жандар Қазақстанда тұрып жатқандарына дән риза. 

Татьяна Ковтун, студент:

Мен қазақ халқына алғысымды айтамын. Қазақ жерінде тұру біз үшін үлкен бақыт. Достық пен сыйластықтың арқасында бейбітшілік сақталатынына сенемін.

Михаил Малышкин, студент:

Мен қазақ халқына, әсіресе қонақжайлылығына ерекше алғыс айтқым келеді. Қазақ халқы кезінде қаншама ұлт пен ұлысқа қиын қыстау заманда құшағын жайып қарсы алғанын білемін. Сол үшін рахмет.

Бүгін сондай-ақ, қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктерде, зейнет жасындағы барлық тұрғындар тегін жүрді. Алғыс айту күнінде, "бұл - аға буынға көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі" дейді ұйымдастырушылар. 


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ