Бокстан әлем чемпионы атанған Садриддин Ахметов жеңісін қазақ халқының көз жасына арнады. Бұл туралы «Айқын» басылымы хабарлады. Отандасымыз кеше Канаданың Монреаль қаласында өткен бокстағы кезекті жекпе-жегінде Мексика боксшысы Абрахам Хуаресті 4-ші раундта уақытынан бұрын жеңіп, WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақта әлем чемпионы атанды. Жеңісті 7-ші кездесуден соң спортшы өткен жылы халықтың қабырғасын қайыстырған оқиғаларды еске алып, үндеу жолдады.
САДРИДДИН АХМЕТОВ, БОКСШЫ:
Қазақстандық бокс сүйер, жанкүйерлер міне мына пояс 2018-де кеткен қазақ елінің көз жасына арналады. Денис бауырымыздың, Генадий Головкин ағамыздың аяқ-астынан жеңілгені бар. Қаншама қазақтың көз жасы төгілді, сондықтан 2018-гі қазақ елінің көз жасына арнаймын поясты.
Н. Біләл