Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы «Шымбұлақ» демалыс орны уақытша жұмысын тоқтады

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2019
  • 3058

«Абайлаңыз қар көшкіні!». Алматыдағы Шымбұлақ демалыс орны уақытша жұмыс істемейді. Құтқарушылар көшкінінің алдын алу үшін Алатау бөктеріне түскен қалың қарды қолдан төмен түсірмекші. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды. Айта кетейік, «жасанды қар көшкіні» 31-ші қаңтар мен ақпанның 2-сі аралығында өтеді. 

Сандуғаш БАЙМҰХАНБЕТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Жаттығу барысында қар көшкінін түсіру, алдын алу жұмыстары жүзеге асырылатын болады. Өз кезегінде Алматы қаласы ТЖД төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына және туристерге тау шатқалдарына барудан бас тартуға шақырады. Таудағы демалысты және шаңғы тебуді ұнататын болсаңыз түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз.

О. Нұржақып