Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда жасы 30-дан асқан әйелдерге 8 күндік демалыс берілмек

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2019
  • 3268

Қытайлықтар оң босағада отырып қалған қыздарын тезірек тұрмысқа беруге асық. Ханчжоудағы екі бірдей компания жасы 30-дан асқан әйелдерге арнап 8 күндік еңбек демалысын жариялапты. «Кәрі қыздар» осы уақытта сүйіктісін тауып, тұрмысқа шыға алады деп сенеді. Қытайда 25 жастан асқан қыздардың өз жартысын табуы қиынға соғатын көрінеді. Компания менеджерлері бұл бірде-бір ер адам жұмыс істемейтін бөлімдегі қыздар үшін тиімді мүмкіндік дейді. Ұсынысты қызметкерлердің барлығы құптап отыр. Бүгінде қытайлық әйелдердің басым бөлігі жеке өміріне емес, мансабына көбірек көңіл бөледі. Сөйтіп, некеге тұруды кейінге қалдырып, тіпті отбасын құрудан мүлде бас тартады екен. Бұл елдің демографиялық жағдайына кері әсер етіп отыр. Әрі Қытайда некеге тұру саны да жыл сайын азайып барады.  

А. Бектас