Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында қария қырық жылдан бері адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келген

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2019
  • 4473

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында жетпістен асқан ақсақал адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. 79 жастағы Қабидолла Мұхамбетов не жарығы, не жылуы, не суы жоқ үйде қырық жылдан бері тұрып келеді. Қарияның жағдайын тілшіміз біліп қайтты.  

Қарияның адам тұрғысыз жағдайда өмір сүріп жатқаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Баспанасында жылу да, жарық та, су да жоқ. Коммуналды қызметтің барлығынан ажыратылған. Қыс ортасында ішерге ас таппай бүк түскен қарияның, азық-түлік алатын ақшасы жоқ. Тек көршілерінің қарайласуымен күн кешіп отыр.  

Қуаныш, КӨРШІ: 

Былтырдан бері әлсіреп қалды. Күзден бері қыркүйектен бері. Уақытында тамақ ішпейді. Жуынбайды. Көрдің ғой. Бір томардан басқа ештеңе қалған жоқ. Тойдан садақадан күрішін сорпасын , бауырсағын обалы не керек береді жұрт. Көбіне мына Хамза деген ағай бар Лиза деген кемпірі бар сол үйден шай ішеді. Солар қарасып тұрады.

Қарияның айтуынша бір кезде ел қатарлы отбасы болған. Бірақ, ажырасып кетіпті. Содан байланыс үзілген. Жақындары да бар көрінеді. Бірақ, араласпайды - деді. Ай сайын 51 мың теңге зейнетақы алады. Бірақ, оны ұстамайды, жергілікті әкімдік қызметкеріне сеніп тапсырған. 

Қабидолла МҰХАМБЕТОВ, ТҰРҒЫН: 

Пенсияны Амандыққа айтып қойып отыр. Амандық жинайды. Бастық қой. Қанша бар сонша әкеліп береді. Бәрі керек емес. Сақтап қой деп отырмын. Мен өзім от жағамын, пеш жағамын. Шаршайсың. Өте қиын.

Ауыл әкімі зейнеткер өз еркімен көгілдір отын мен жарықтан бас тартқанын айтты. Бұған дейін Қабидолла қарияның зейнетақысын ауылдағы кәсіпкер алып отырған. Бірақ оның қаражатты қайда жұмсағаны белгісіз деді. Ал, биылдан бастап қарияға әлеуметтік қызметкер бекітіліпті.   

Қанат ДӘУЛЕТАЛИН, БЕСТАМАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Бірнеше рет газ тартып береміз деген уақытта одан бас тартты. Свет тартамыз дегенде одан бас тартты. 2019 жылдан бастап біздер іштегі әлеуметтік қызметкерге сенімхат бердік. Сол үйіне келіп қарайды. Бірақ, бұл кісі жаңағыдай мәселе агрессиямен үйіне адам кіргізбейді.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін, қарияны жергілікті билік Алға аудандық ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер оның алып бара жатқан ауры жоқ екенін ашық айтты. Тек уақытылы дұрыс тамақтанбаған соң, әлсіреп қалған, суық тиген деп отыр.  

Ақмарал ЕШЕКЕНОВА, АЛҒА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазіргі таңда психиатр қараған ешқандай психикалық бұзылыстар жоқ деп жоққа шығарып тұр. Қазіргі таңда жағдайы қаңағаттандырарлық. Емін алуда клиникалық протокол бойынша барлық емін алуда.

Зейнеткер бұл аруханада енді 10 күн ем алады. Содан кейін қайтадан сыз тартқан суық әрі қараңғы үйге қайтады.    

Б. Рахметова