Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде табиғи газ тұтынушылардың 10 пайызы техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісім-шарт жасамай отыр

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2019
  • 2854

Тап осы Тобыл өңірінде көгілдір отын тұтынушы көпшіліктің 10 пайызы техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісім-шарт жасамай келеді. Қарсылық танытқан қалың тұрғын газ тарату жүйесіне қауіп төндіріп отыр. Өйткені, абоненттердің жабдықтары 5 жылдан бері тексерілмеген. Техникалық қызметке шалғайдағы аудандар мұқтаж. Өңірдегі 37 елді- мекенде газ құбырларын, түтін мұржалары мен желдеткіш арналарын тазалау жұмыстары мүлдем жүргізілмейді. Алыстағы ауыл тұрғындары ақылы техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісім-шарттан бас тарқан. Сондықтан, мамандандырылған ұйым өкілдері бармайды. Түйткілді шешудің жалғыз жолы -тұтынушыны газдан ажырату. Себебі, селқостық танытқан абоненттің тексерілмеген жабдығы өзгелерге қауіп төндіруі мүмкін деп отыр. «Оқыс жайттың алдын-алу үшін тұтынушылар жауапкершілігі туралы заңнама талаптарын қатаңдату қажет» - дейді газ таратушы тарап. Атап өтейік, аймақта газ тұтыну жүйесіне техникалық қызмет көрсететін 8 ұйым бар. Соның төртеуі ғана белсенді жұмыс істейді. 

Берік ТАҢЖАРЫҚОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Мамандандырылған ұйымдар шалғайдағы елді-мекендерге қызмет көрсету тиімсіз, пайдасыз деп есептейді. Ал, ережені өрескел бұзған тұтынушылар бәрібір көгілдір отынды пайдаланып отыр.

З. Санай