Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайырымды жандар екі бірдей мүгедек бала бағып отырған жас анаға үй алып берді

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2019
  • 3749

Ал, Ақтөбеде «түймеқыз» Инна Рокина баспаналы болды. Жанашыр жандар екі мүгедек баласымен пәтер жағалап жүрген жалғызбасты анаға ақша жинап жатқанын алдыңғы жаңалықтарымызда айтқан едік. Қайырымды жандардың арқасында үш бөлмелі пәтерге бір аптада қаржы жиналған. 10 жылдан бері үй кезегінде тұрған жетім қыздың қуанышында шек жоқ.   

Инна РОКИНА: 

Барлық қала тұрғындары мен еріктілерге алғысымды айтқым келеді. Қажетті қаражатты бір аптаның ішінде жинады. Енді өзіміздің үйіміз бар. Бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Қуаныштымын.

Баспанаға қаражат жинау үшін, жер-жерден тіпті шетелден ақша аударғандар бар. Шотқа бес мың теңгеден бастап, 500 мың, миллион теңгеге дейін салған. Қажетті төрт миллион бес мың теңге бір жетінің ішінде жиналды. Еріктілер жаңа пәтерге жиһаз да сыйлады. Еске салайық, жалғызбасты ананың алты және үш жастағы баласы сирек кездесетін анемия дертіне шалдыққан.  

Б. Рахметова