Елдің
солтүстік аймақтарында алдағы үш күнде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Бұл
туралы "Қазгидромет" хабарлайды. Синоптиктердің
айтуынша, тұман мен көктайғақ - қараша айында жиі болатын метеорологиялық
құбылыс.
Сонымен бірге, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде түнгі
және таңғы уақыттарда тұман мен көктайғақ түседі. Жауын-шашын болып, солтүстік
аумақтарда қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-23
м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы нормаға жақын, ал батыс пен оңтүстікте
2-5ºС жоғары болады, - деп отыр синоптик мамандар.