Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 137 Өзбекстан және 73 Қытай азаматы ұсталды

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2019
  • 2803

Шымкент қаласында өткен арнайы операция кезінде бір серіктестік аумағынан 137 Өзбекстан және 73 Қытай азаматы ұсталды. Криминалдық полицияның дерегінше, Қытай азаматтары транзиттік әуерейстермен еліміздің аумағына заңсыз енген. Қазіргі уақытта оларды шығару мәселесі қаралып жатыр. Заңсыз көші-қон каналын екі Қытай азаматы және Қазақстан азаматшасы ұйымдастырған. Олардың бәрі ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Шетелдіктер сот шешімі бойынша елімізден шығарылып, оларға Қазақстанға қайта келуге тыйым салынды.  

М. Дюсекина