Алматыда
жастар арасындағы кезекті пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Республикадағы
ең мықты дебат шеберлерінің арасында өткен сайысқа 11 команда қатысты. Дәстүрлі
шара осымен 15-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Қатысушылар сенбі күні «Әл-Фараби»
кітапханасында салтанатты ашылу салтанатында жарыстың талаптарымен танысқан
болатын. Екі күндік білім жарысының қортындысы бойынша бүгін командалар
арасында турнирдің жеңімпаздары белгілі
болды. Сөйтіп биылғы «Нұр Отан» партиясы ұсынған кубокты Қызылорда облысынан
келген білімді жастар ұтып алды. Тиісінше келесі жылғы дебатшылар турнирі Сыр
өңірінде өтетін болады. Екінші орынды Жамбыл облысы, ал үшінші орынға Солтүстік
Қазақстан облысының құрамасы иеленді. Биылғы сайыстың резолюциясы қазақ тілінің латын графикасына көшуі,
"Рухани жаңғыру" және "Сандық Қазақстан" бағдарламасына
негізделген. Дәстүрлі шараның жеңімпаздары ұйымдастырушылар атынан дипломдар,
бағалы сыйлықтарға ие болды. Үздік дебатшылардың алғашқы жарысы 2003 жылы
Оңтүстік Қазақстан облысында басталып, содан бері үздіксіз өткізіліп келеді.
Еламан
Әбдуманов, турнирдің бас төрешісі:
Олар - Қазақстан Республикасының ұлттық рейтингіндегі үздік ойыншылардың бірі.
Қарарларға келетін болсақ, қарарлар біздің әлеуметтік саладағы болады,
сыналған технологияларға байланысты
болады және біздің осы соңғы еліміздегі қоғамдық әлеуметті маңызды мәселелерге
шешімдер табуға тырысамыз. Қатысушыларға қойылатын негізгі талап - ол
мемлекетіміздің, жастардың жалпы позициясын нақтылау және сол біздің қазіргі
программаларды шешуге үлесін қосу және өзінің азаматтық позициясын
нақтылау.