Русский Сайттың толық нұсқасы

Халық тұтынатын тауарлар экономикасына 600 млрд теңге жұмсалады

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2019
  • 2827

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Н.Назарбаевтың жоғары атқарушы биліктегілерге айтқандары бірден тарап кетті, жұрт талқылап үлгерді. «Шанель-манел», «қорқақтар» т/б. Нақты есепке келсек, қарапайым адамдар тұтынатын заттар, киім-кешек туралы кезекті тапсырмасы экономикаға бөлінетін 600 млрд теңгемен байланысты. Үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаевқа: «Ербол, неге дамытпайсың?» дегенде ол: «600 млрд теңге Сіз айтқан қарапайым заттар экономикасына бағытталады, импортты алмастыруға. Әрине, бәрін шығара алмаймыз, дегенмен тұрғындарға керек негізгі тауарлардың қауіпсіз деңгейі қарастырылған»,- деді... Н.Назарбаев: «Мен Сіздерді ренжіткім келмейді, сұраныс сіздерден, сондықтан сұраймын. Себебі Сіздерге сенемін... Сіздерде білім мен білік бар. Бағыттар айқындалған. Орындауға ресурс жетеді». 

Абай Сейфулланың материалы.

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен жылы 100 нақты қадам ұлт жоспарыңызды жүзеге асыруды жалғастырдық. Ұлт жоспарының 42 қадамын орындау Үкіметтің ерекше бақылауында.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы экономикалық блокқа жауапты Ерболат Досаевтың бес әлеуметтік бастамаға негізделген баяндамасынан басталды. Сенсек – экономиканың өсімі тұрақты. Ішкі жалпы өнім 4,1 пайызға жоғарылаған. Оның 70 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Жұмыссыдық деңгейі – 4,9 пайыз. Жекешелендірудің арқасында мемлекетке тиесілі 96 компания жеке секторға берілген. Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 29 пайызды құрайды. Бұл дуинг бизнес рейтингіндегі 28 орын. Төмен жалақы алатындардың салықтық жүктемесі 10 есеге азайған. Бюджет 99,9 пайызға игерілген. Мұндай сандардың болуы – әлі мұнай мен газдың арқасы. Экономикамыздың негізгі драйвері - сол баяғы отын-энергетикалық кешен. Сондықтан жеңіл өнеркәсіпті дамыту - маңызды. Биыл ел экономикасы үшін 600 млрд теңге бөлінді. Міне, сол қаржы бірінші кезекте отандық өнімдерді көбейтуге бағытталуы тиіс.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Почему их не развивать, Ербол, ты вообще не занимаешься да? Тебе давай, большие проекты давай.. 

Ерблат ДОСАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Экономика простых вещей, о которой вы сказали, деньги – 600 млрд тенге – будут направлены в первую очередь на импортозамещение. Всё, конечно, производить не будем, но необходимый безопасный уровень производства основных товаров для населения предусмотрен. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Вот, во-первых, надо пропагандировать отечественную продукцию, одежду. Вот здесь сидящие, все мы должны прийти в отечественных костюмах, ничего страшного нет. Жақындап келіп, үңіліп қарамаса, қайдан екені белгісіз.

600 млрд демекші, Данияр Ақышев ақшаның қай бағыттарға жұмсалатынын анықтап қойыпты. Кеше 9 екінші деңгейлі банкке бөліп беру басталып та кетті. Бірақ Ұлттық банк төрағасының өзі мойындағандай, бұрынғы қателіктерді қайталауға болмайды.   

Данияр АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Соңғы 10 жылда банк кредиттері 5 жарым трлн-ға өсіп кетті. Бұл дегеніңіз 70 пайыздық өсім. Ликвидация мен банктерді сауықтыру барысында 5 трлн теңгенеі кешірдік. То есть заёмщики все кредиты, которые мы за эти годы выдавали, не вернули.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Мы сами плохо руководили и следили. Зачем надо было давать угробленным компаниям, которые пустили деньги в песок?

Ақышев Президентке бизнесмендерге өкпесін ғана айтқан жоқ, ұсынысы да бар: "7-20-25" бағдарламасы іспетті Қазақстанда өндірілген көліктерді сатып алуға несие беруге әзірлік танытты. Айтпақшы, "7-20-25" бойынша пәтері барларға үй беруге Президент қарсы болып шықты.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:   

Давайте дадим тем, у кого нет. Пусть будет меньше. Жастарға деп отырғаннан кейін солай ғой. Үйі жоқтар алсын, үйі барлар алады мынаны қазір, арзан бағаменен. Сонан кейін арендаға береді де, сол үйден ақша тауып отырады.

Премьер министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеев жұмыртқа экспортымен мақтанды. Былтыр сыртқа 602 млн дана жұмыртқа жөнелтіппіз. Ет пен жұмыртқаға қарық болсақ та, қыста көкөністен қысылатынымыз рас. Министр Астанада бағасы удай көкөніске күрес жариялады. 

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: 

Шымкентте сәбіз маусымында 43 теңге, Астанаға жеткенше 150 теңгеге жетеді. Себебі арада делдал көп. Сіз көтерме-үлестіру орталықтарын көбейтуді тапсырғансыз. Бұл бағытта Қарағанды жақсы жұмыс істеп жатыр. Наурыз айында аумағы 72 мың шаршы метр көтерме-үлестіру орталығы іске қосылады. Ондай орталық арқылы бірден үш алыпсатардан құтыламыз. Сөйтіп баға үлкен қалаларда төмендеуі тиіс.

Президент оған суармалы жерлерді көбейтуді тапсырды. Көлемін 1,4 млн гектардан 3,5 млн гектарға жеткізу керек. Жердің кеңдігі мен құнары бұған мүмкіндік береді. Президент айтқандай, игерілмеген жер әлемде тек үш-ақ елде болса, соның бірі – Қазақстан. Бірақ...

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Барлық корифейлер жұмыс істедіңдер, баяғыдан бері, Ахметжан Смағұловичтен бастап. Ешқайсың жақсы көрсеткіш көрсетпедіңдер. 10-12 центнерге мақтанып отырмыз енді. Жеріміз көп болғаннан кейін оған қарамаймыз еш уақытта.

Жолдарға қарайтын сияқтымыз, бірақ жөндеп бітер емеспіз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек 2020 жылға дейін тас жолдардың 85 пайызын тегістеуге уәде берді. Ауыл-аймақтардың жолын да жөндемек. Президент оған оңайға соқпайтын жаңа міндет жүктеді. АҚШ-қа тікелей ұшатын рейстер ашу қажет дейді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сейчас мы в Европу летаем, надо летать в Соединенные штаты, надо летать в Японию. Что для этого надо, надо посмотреть, помочь, поддержать.

Президент Білім және ғылым министрін мақтады. Мұғалімдердің жалақысын көтергені үшін, оқу бағдарламасын жаңартқаны үшін. Бірақ Президент Әкімшілігі жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей оның халық арасындағы рейтингі 3 сатыға түсіп қалған.

Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Мы делаем реформы, бәрі шулап жатыр. газеттер шулап жатыр. Халыққа түсіндіру жұмыстарын жасап жатырмыз. Естественно по опросным показателям...

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Елдерге түсіндіру керек. Балаларын жақсы оқыту үшін жасап жатырмыз барлығын.... Ты в правильном пути. Молодец.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:

Елбасы дәрінің бағасын төмедетіп жатқаны үшін Елжан Біртановтың да арқасынан қақты. Бәріне ақша үнемдеуді тапсырды. Бюджетке 17 млрд салық қарызы бар 1 млн-нан аса адамның өсімақысын кешіріп, негізгі соманы өндіріңдер деді. Хан сарайындай сарайлар салғанды, орынсыз той-жиын өткізе бергенді, көрінгенге ескерткіш қоюды доғарыңдар дегенді Президент бұл жолы да айтты.