Русский Сайттың толық нұсқасы

Браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы «Барыс» орденімен наградталды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2019
  • 3074

Ақбөкенге араша түсіп, қапияда қаза тапқан қорықшы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Браконьерлер қолынан жан тәсілім еткен Ерлан Нұрғалиевті марапаттау туралы Жарлыққа Президент қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлап отыр. Дәл осындай орденге «Охотзоопром» инспекторы Петр Ницык те лайық деп танылды. Еске салайық, Қарағандыда қорықшылар бес киікті заңсыз атқан браконьерлерді анықтайды. Алайда, аңшылар «Охотзоопром» инспекторларына оқ атып, қарсылық көрсеткен. Қақтығыстан Ерлан Нұрғалиев ауыр жарақат алып, көз жұмды. Кейін оның өліміне қатысты бар 3 күдікті құрықталған. Айта кетейік, күні кеше Ерлан Нұрғалиевті ауылдастары мен әріптестері «Халық қаһарманы» атағына ұсынған еді. Тіпті, Президентке де үндеу жолдаған болатын.  

А. Бектас